Оның не екені мен қайдан түскені әлі анықталмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nishinippon басылымына сілтеме жасап мәлім етіп отыр. Хамамацу қаласының маңындағы Сидзуока префектурасының жағалауынан жергілікті тұрғын күдікті шарды байқаған. Кейін бұл туралы полицияға арызданған.
Жергілікті БАҚ жариялаған фотосуреттерде нысанның тот басқан қоңыр дақтары бар тегіс сары шар екені көрінген. Екі жағындағы саңылауында шығыңқы жерлері бар.
Қазір оғаш зат табылған жер қоршауға алынды. Бұл жерге адамдардың жақындауына тыйым салынған. Аймақтағы көлік қозғалысы қатаң түрде бақылануда. Қазір белгісіз нысанды мамандар тексеріп жатыр. Оның фотосуреттері Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері мен жағалау күзеті сарапшыларына жіберілді.