Ақтауда Алматыға сағат 13:30-де ұшу тиіс болған рейс кейінге қалдырылды. Белгісіз адам әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Мәлімдемеден кейін жолаушылар эвакуацияланып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазір жалған хабар таратқан күдікті қолға түскен.
Айта кетейік, жолаушылар Ақтаудан Алматыға сағат 13.40-та ұшуға тиіс болған. Алайда адамдардың барлығын эвакуациялаған. Қазіргі уақытта жолаушылар сыртта тұр. Полиция департаменті эвакуация туралы ақпаратты растады, бірақ себебін ашып айтпаған. Адамдар бомба туралы хабардың түсуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген. Тексеру жүріп жатыр. Ұшақ рейстері кешігуде.