Кабулдан Киевке үш рейс ұйымдастырылын, оның барлығы уақытында сәтті орындалған көрінеді. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко хабарлады.
Николенконың айтуынша, Евгений Енин тек Украина азаматтарын Ауған астанасынан эвакуациялау кезінде туындаған қиын жағдайды сипаттаған, бірақ әуе кемесін ұрлау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Үш рейс ұйымдастырылды, елдің барлық ұшағы Украинаға қауіпсіз оралды, барлығы 256 адам жеткізіліпті.
«Біз әуежайдағы жағдай хаосқа жақын екенін түсінуіміз керек: көптеген адам, кем дегенде, елден кетуге мүмкіндік алуға тырысады. Қажет адамдар қауіпсіз жағдайда қажетті ұшаққа мініп, үйге қауіпсіз түрде оралуы керек еді» деп түсіндірді Николенко.
Кейін Иранның ресми өкілі украиндық ұшақ жанармай құю үшін Мешхедке қонып, содан кейін Киевке ұшып кеткенін мәлімдеді.