"2022 SE37" деген атау алған астероидты бірден бірнеше обсерватория байқаған. Аспан денесінің диаметрі 500 метрге жуық деп есептелді. Бұл туралы Stan.kz мәлім етті. Кей деректерде астероидтың 28 қыркүйекте ашылғаны айтылса, кей ғалымдар жаңа аспан денесін тек 1 қазанда байқаған.
Астероид Аполлон тобына жатады. Ал Күнді 1 261 тәулікте немесе 3,44 жылда айналып шығады. Сонымен қатар ең Күннен ең алыс қашықтығы 563 миллион шақырым болса, ең жақын қашықтық 120 миллион шақырым болады.
Ғалымдардың сөзінше, әзірге астероид Жерге ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ.