Аралды жанартау атқылауын ауадан бақылайтын мемлекеттік жағалау күзеті байқаған.
Жанартаудың атқылауы Токиодан шамамен 1200 шақырым жерде орналасқан Иводзима аралының оңтүстігінде, Тынық мұхиты аралдары Огасавара тобының аумағында басталған.
Жаңа арал жарты Ай түрінде С-тәрізді және диаметрі шамамен 1 шақырымды құрайды.
Жапония метеорологиялық агенттігі жақын маңдағы суларда күл мен түтін бұлттары туралы ескерту жариялап, белсенді атқылау тағы да жалғасады деп күтілуде. Жаңартаудың белсенді атқылауының нәтижесінде пайда болған Пемза солтүстік-батыс бағытта 60 шақырымға дейін созылған.
Арал тек фрагменттелген материалдардан — күлден және блоктардан тұратындығын, олар толқын эрозиясына ұзақ уақыт төтеп бере алмайты атап өтілді.
Бұл аймақта 1904, 1914 және 1986 жылдары жаңа аралдар пайда болып, олардың барлығы уақыт өте келе жоғары толқындардан туындаған эрозияға байланысты су астында қалған.
Алайда, егер жаңа арал мұхит бетінен жоғары болса және табиғи қалыптасу аралы деп танылса, ел аумағына қосылуы әбден мүмкін.