RSS лента

Коронавирустың жаңа түрі бұдан да қауіпті болуы мүмкін

  • 23.01.2021, 21:15,
  • 771
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Британия Премьер-Министрі Борис Джонсон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Бүгін бізге Лондон мен Британияның оңтүстік шығысында пайда болған вирустың тез тараумен қатар оның салдарынан адамдардың да жиі қайтыс болуы мүмкін екендігі хабарланды» деді ол.

 

Айта кетейік, бүгінге дейін дайындалған вакциналардың коронавирустың екі түрі үшін де тиімді екені айтылып келген еді. Әзірге Англияда вирустың тарау қарқыны біршама тыйылды. Ал, Солтүстік Ирландияда керісінше, вирустың жаңа штамына байланысты ауру өршіп кеткен. Шотландия мен Уэльсте коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар көбейіп келеді. Англияда вирус жұқтырғандардың көпшілігін коронавирустың кәдімгі түрімен науқастанғандар құрап отыр. Жаңа штамм көп тарап жатқан Солтүстік Ирландияда керісінше COVID-19-дан қайтыс болып жатқандар жиі кездеседі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости