RSS лента

Қазақстанда карантин күшейтілді: жаңа қаулы күшіне енді

  • 15.04.2021, 00:53,
  • 523
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Құжат аясында «Ішкі және халықаралық авиарейстердегі карантиндік талаптар туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 71 қаулысына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі әуежайлар ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу ұйғарылды.

 

Одан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы темір жол қатынастарында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №55 қаулысына тәуекелі жоғары қаупті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу жазылған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости