Бұл туралы Галапагос аралдарын қорғау қорының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Хабарламада «Галапагос аралдарының символы болған Дарвин аркасы кеше эрозияға байланысты құлады. Бұл сүңгуірлер үшін ең танымал орындардың бірі саналатын» деп жазылған.
Көрнекті орын 234 арал мен жеке жартастар архипелагының құрамына кіретін Кулпеппер аралынан бір шақырым жерде орналасқан.
Ұлыбританиялық ғалым Чарльз Дарвиннің есімімен аталған доға жанартау арқылы пайда болған. Сондай-ақ, ол – суасты жартасының шыңы. Мыңдаған жыл бойы көпір кейпіндегі жартас ХХІ ғасырда қирап тынды.
Жартастың Дарвин аталуына себеп ретінде ғалымның 1835 жылы Галапагос аралдарын зерттегені айтылады. Осы аралдарда ол бірнеше апта бойы эволюция туралы түсінігін қалыптастырған.