RSS лента

Зейнетақы жинағын пайдалануға байланысты жаңа тәртіп пайда болды

  • 08.02.2021, 20:28,
  • 569
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға арналған өтініштегі мақсатты Enpf-otbasy.kz сайтында өзгерте алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жөнінде «Отбасы банк» Instagram желісіндегі парақшасында жазылған.

 

«Енді арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемі түскеннен кейін де, өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз. Яғни, енді жаңа өтініш жолдау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Мұны Enpf-otbasy.kz платформасында бірден орындауға болады» делінген банк хабарламасында.

 

Жеке кабинетте өтініштің мақсатын өзгерту үшін:

enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз ;

мақсаттын өзгерту қажет өтінішті таңдаңыз;

өтініштің мақсатын өзгерту – көк түсті пернесін басыңыз;

ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;

өтініштің мақсатын өзгерту – пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;

өтінішке қол қою арқылы өтініш мақсатын өзгертуді аяқтаңыз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости