RSS лента

COVID-19 және вакцина: кімнің сөзі рас, кімдікі жалған?

  • 21.07.2021, 16:18,
  • 554
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Адам саулығын жақсартуға арналған жаңа жобалар Қазақстанда да аз емес. Солардың бірі – «Medsupportkz» жобасы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның негізін қалаушылар – Ақмарал Тұрсынова мен биолог, медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтаудағы коммуникация маманы Ботагөз Каукенова.

 

COVID-19 жұқпалы дерті белең алғаннан бері мамандарға республиканың əр өңірінен сауалдар жолдануда. Олардың дені, сөз жоқ, екпе жөнінде. Өйткені, көпшілік кімге сенерін білмейді. Əлеуметтік желілерде толған бейнежазбалар, өзін дəрігермін дегендердің түсіндірмелері, тағысын-тағылар… «Екпе əйелдерді бедеулікке əкеледі екен», «антидене қалыптасқан адамдарға вакцина зиян көрінеді», «екпенің жаңа штамдардан қорғауы екіталай», «вакцина алған адамдар екі-үш жылда өліп болады» деген сипаттағы қаңқу əңгімелерден құлағы сарсылған жұрт бұған сенер-сенбесін білмей, əуресарсаңға түсті. Бірі жұмыстан шығып қалмау үшін екпе алып жатса, енді бірі нартəуекелге басуда, ал үшіншілері – шынымен өзінің де, айналасындағы қымбат жандарының да саулығын ойлағандар.

 

– Қолда бар вакциналардан «Спутник V» бойынша мынадай дерек бар: қазір штамдар емес, вирустық нұсқалар – жаңа. Олар бір-біріне өте ұқсас. Егер біз вакцина салдырмасақ, жаңа штамның мутациясы пайда болуы мүмкін. Бұл – жаңа аурудың пайда болуы. Одан кейін вакциналар қорғай ала ма, жоқ па – белгісіз. Вакцина ағзада ұзақ уақыт тұрмайды. Жалпы пайда болатын нəрсе вакцинадан кейін алғашқы 30 минутта байқалады.

 

Сондықтан, бірінші жарты сағатта Сіз бақылауда отырасыз. Вакцина ағзада 3 күн сақталады. Ол өз жұмысын жасап, вирус қандай екенін көреді, содан кейін ағзада жойылады. Əрі қарай иммундық жүйе жұмысқа кіріседі. Ол жасушаларды үйрете бастайды, бұл – табиғи процесс, – дейді ғалымдар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости