Аяғына оқ тиген тағы екі азамат ауруханаға жеткізілді.
Бірнеше адамның көшеде бір-бірін қуалап жүріп, оқ атқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда оқ тиген бір азамат асфальт үстіне сұлап түскені көрінеді.
Тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиғадан 29 және 26 жастағы екі адам, сондай-ақ аты-жөні анықталмаған тағы бір азамат қайтыс болған.
Полиция департаментіндегілер атысқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабының, 2-бөлігімен (екі немесе одан көп адамды өлтіру) тергеу басталғанын жеткізді.
Бірақ бұдан бөлек ақпарат бермеді. Ал үш жігіттің өліміне әкелген атысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.