RSS лента

Атақты «Титаник» сапарға шығады

  • 20.05.2021, 18:43,
  • 719
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қытайда Атлант мұхитында апатқа ұшыраған британиялық «Титаник» кемесінің көшірмесі пайда болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«France24» басылымының мәліметінше, жобаның бас демеушісі инвестор Су Шаожун 1997 жылы шыққан «Титаник» фильмінің әсерінен шабыт алып, аты аңызға айналған алып кемені қалпына келтіруді қолға алған.

 

Кеменің көшірмесін салу түпнұсқаның құрылысына қарағанда үш жылға көп уақыт алған және оның құны бір миллиард юань болып отыр. Яғни, біздің валютаға шаққанда 66,4 миллиард теңге.

 

Көшірмеде асханадан шкафтарға дейінгі барлық нәрсе түпнұсқадағы стильде жасалған. Дегенмен жаңа кеме Сычуань провинциясында құрлықта орналасады. Оған туристер қона алады. Онда бір тәулік өмір сүру құны 2000 юаньға дейін жетеді. Бұл дегенің – шамамен 133 мың теңге деген сөз.

 

Құрастырушылар бұл кеменің 200 жылдан кейін де өз жұмысын қалтқысыз атқаратынына сенімді.

Оставить комментарий
Последние новости