RSS лента

Кореядағы қырғын: жаңа деректер пайда болды

Автор фото: әлеуметтік желі

Сеулдік полицей Хэллоуин мерекесінде болған қарбаластан адамдарды қалай құтқармақ болғанын айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Кіші полиция инспекторы Ким Бэк Гем BBC сайтына берген сұхбатында Сеулдің Итхэвон ауданында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 150-ден астам адам бірін бірі таптап өлтірген қайғылы оқиға болған күн туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ким Бэк Гемнің адамдарды қалай құтқармақ болғанын көруге болатын видео тараған еді. Бұл кадрлар Оңтүстік Корея халқының көңіліне қатты әсер етті. Олар қарбалас кезінде жасаған әрекеті үшін кіші инспекторды мақтаған. Алайда полицей халықтың бұл пікірімен келіспейді. Оның айтуынша, оның әрекеті жеткіліксіз болған және ол қалған өмірін ауыр кінәлі сезіммен өткізуге тура келеді.

 

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда полиция формасын киген жігіттің тар көшеден адамдар тобын алып кетуге тырысып жатқанын көруге болады.

 

"Адамдар өліп жатыр! Барлығыңыз мұнда жылжыңыздар, өтінемін, менімен бірге әрекет етіңіздер", - деп айқайлайды видеода Ким Бэк Гем.

 

Ол өзінің сол түні полиция бөлімінде болғанын және Итхэвонда болатын кез келген қылмысқа өзін жіберуді күтіп отырғанын айтады.

 

"Көп ұзамай тар көшелердің бірінде адамдардың бір бірін таптап жатқаны туралы хабарлама келді. Алдын алуды қажет ететін қарбаластың болатыны туралы ешқандай ескерту болмады – сол түні де, Хэллоуинге дейінгі күндерде де", - дейді полиция қызметкері.

 

Оқиға орнына келген кіші инспектор халықтың арасы тым тығыз болып бара жатқанын байқайды. Адамдардың бір бірін таптауы көшенің ең соңында болып жатқан еді. Адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін Ким Бэк Гем адамдардың бұл көшеге кіруіне тосқауыл қою қажет деген шешімге келеді.

 

"Өздеріңіз видеодан көргендей, мен айқайлап, адамдардың басқа көшеге шығуын өтіндім", - дейді инспектор.

 

Айналасындағылардың көпшілігі оның сөзіне құлақ асып, адамдар ағынын реттеуге көмектесе бастайды. Көп ұзамай ондаған адам зардап шеккендерге жасанды дем алу әрекеттерін жасай бастайды, себебі топты бақылау әрекеттері құтқару операциясына айналып кеткен еді.

 

"Мен өз әрекетімді жеткіліксіз деп санаймын. Мен полицей ретіндегі міндетімді орындамадым, және сол үшін қатты өкінемін", - деп жеткізді Ким Бэк Гем.

 

3 қарашада қаза тапқандардың бірінің анасы инспектор Кимге хабарласып, алғысын білдіргісі келеді.

 

"Мен ол әйелге алғыс айту үшін қатты ұялдым. Сол түні мен өз міндетімді толық орындай алмадым. Қаза болғандардың отбасы мүшелерімен кездесіп, кешірім сұрап, сөйлесу мүмкіндігі болса, осыны айтқым келер еді", - дейді полиция қызметкері.

 

2022 жылдың 2 қарашасында тергеушілер оқиғаның себептерін тергеу аясында қажетті ақпаратты жинау үшін Сеулдегі сегіз полиция бөлімшесіне тексеру жүргізді. Полиция қызметкерлерінің кемшілігінің дәлелі барған сайын көбейіп келеді. Алғашында құқық қорғау органдары Хэллоуин кешіне дұрыс дайындала алмады, содан кейін олар қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын келе бастаған ескертулермен шұғыл қоңырауларға жауап бермеген.

 

Соңғы мәліметтер бойынша, Итхэвондағы қарбалас кезінде қаза тапқандар саны 156-ға жетті. Зардап шеккендердің жалпы саны 152 адам, олардың 41-і әлі ауруханада жатыр, 111-і үйлеріне оралған. Қайтыс болғандардың арасында кемінде жиырма елдің азаматтары бар, оның ішінде 1996 жылы туған Қазақстан азаматы да бар.

Оставить комментарий
Последние новости