Ресми stopfake.kz мәлімдегендей, аспандағы түтін сақинасы Ақмола облысының Қосшы қаласында байқалған. Оған графеннің де, 5G байланыс форматының ешқандай қатысы жоқ. Оның қайдан пайда болғанын қала әкімдігі түсіндіріп берді.
– Бұл бұлт пеште көмірдің күрт жануынан (пештегі от лап етті) болған, ол дөңгелек құбыр арқылы шыққан түтіннен қалыптасқан. Яғни, Қосшы қаласының жеке тұрғын үй секторында орналасқан пештен шыққан түтіннен. «Түтін табиғи құбылыс емес және қала тұрғындарына ешқандай зиян келтірмейді, — деп хабарлады әкімдіктен.
Мұндай «графен» сақиналардың видеосы мессенджерлерде бұған дейін де тараған болатын. Іс жүзінде, бұл белгілі бір жағдайлардың әсерінен сақина пішіндес болатын қарапайым түтін.
Желіде осындай сақинаны әдейі шығаратын бейне бар. Оны істеу үшін ұшында глицерин бар сақиналы арнайы құрылғыны майлап, өртейді. Бұл кадрлар 2008 жылы Burning Man фестивалінде түсірілген.
Осының бәрі аспанда түсірілген сақинаның графенге қатысы жоқ екенін, бірақ қарапайым түтіннен қалыптасқанын дәлелдейді.