RSS лента

Қазақстан аспанынан ұшып өткен белгісіз нысанның видеосы тарады

Автор фото: скриншот

TikTok әлеуметтік желісінде қазанның 4-нен 5-не қараған түні Қазақстанда аспанда ұшып өткен белгісіз жарқыраған объектілердің видеосы жарияланды. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, бұл кадрлар глобалистердің құпия тәжірибелерінің дәлелі. Бұл расталмайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.


Бұл бейне @prikol13.kz TikTok аккаунтында жарияланған. Түпнұсқа видеоның жазбасында глобалистер де, жасырын тәжірибелер туралы да айтылмаған. Онда автор түнгі 3.17-де ерекше құбылысты байқағанын жазған.


Бұл уақытта жарқыраған нысандарды Алматы мен Бішкек тұрғындарының көруі әбден мүмкін. БАҚ-тың хабарлауынша, бастапқыда жарқыраған нүктелер көп болған, ал бірнеше минуттан кейін ең жарқын екеуі бөлініп шыққан.


Кадрларда атмосферада жанған жерсерік немесе оның бөліктері көрсетілген деген болжам айтылуда. 


Ағымдағы жылы қазанның 4-нен 5-не қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кеме ұшырылған. Бұл оқиға бейнеде түсірілген болар.

Камераға түсірілген құбылыстың құпия эксперимент немесе әлемдік қастандықтың көрінісі болғандығына ешқандай дәлел жоқ.

 

Оставить комментарий
Последние новости