Ал, шын мәнінде 10 маусым күні Қызылқоға ауданында орын алған балық өліміне судағы оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев айтты.
Сағыз ауылынан екі шақырым жерде Ноғайты және Сағыз өзендерінің қосылған жерінде балық өлу дерегі тіркелген болатын. Оқиға орнынан 150 келі ұсақ балық өлексесі жиналды.
Балықтың қырылу себебін анықтау үшін аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Балық пен судың құрамы сараптамаға жіберілді. Нәтижесі шыққан соң қосымша хабарланады.
Айта кету керек, Ноғайты өзені көктем айында тез тасып, өзен сулары кішігірім көлшіктерді құрап, (ең терең жері 50-60 см) негізгі арнадан бөлініп қалуда. Бұған бірнеше факторлар себеп болуы мүмкін. Мәселен, ауданда бір айға жуық жауын-шашын жауып, ауа температурасының 35 Цельсийден төмендемеуі.
Сондай-ақ, тағы бір ықтимал себеп – жергілікті тұрғындардың төрт түлік малды көп мөлшерде өзенге суары. Нәтижесінде, малдың тіршілік қалдықтарымен су ластанған болуы да мүмкін. Балық өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.