Бұл туралы Times of India басылымы теміржол әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Апат салдарынан 11 адам көз жұмды, тағы 20 адам жарақат алды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Оқиға 4 қараша күні күндіз болған.
Алдын ала деректер бойынша, жолаушылар пойызы бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, сағатына 60–70 шақырым жылдамдықпен келіп жүк пойызына соғылған.
Соққының күші соншалық – жолаушылар вагоны жүк пойызының үстіне шығып кеткен. Қатты соқтығыстан пойыздың машинисі оқиға орнында қаза тапты.

