RSS лента

Жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қайтыс болды (+видео)

  • 23.10.2025, 11:33,
  • 157
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

23 қазан күні Самара – Шымкент автожолының бойында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» маркалы жолаушылар көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігі қарсы бағыттағы жол жолағына шыққан. Ақтөбе облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен «Газель» көлігінің 10 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.


Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Белгілі болғандай, «Газель» көлігі Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.


Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости