[media=[media=https://www.youtube.com/watch?v=Nk7RnLvN5-8] ]
11 қарашада таңғы сағат 08:50 шамасында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында көлік құралының қозғалысына қатысты жолды оңнан солға қарай кесіп өткен 58 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті.
Соқтығысудың салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Кінәлі адам Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.