RSS лента

Машинист жолдағы әйелді аман алып қалды

  • 29.07.2025, 11:08,
  • 41
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Мас әйел темір жолға шығып кеткен, машинистің уақытылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тобыл – Қостанай учаскесінде Астана — Орал қатынасындағы "Тальго" жолаушылар пойызының машинисі  жолдағы әйелді байқағаннан кейін шұғыл тежеу  қолданды. Алдын ала мәліметтер бойынша әйел мас күйінде болған.

 

Машинистің уақытылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында басудың алдын алу мүмкін болды. Әйел зардап шеккен жоқ және желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне табысталды.

 

Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі 12 минутқа кешіктірілді.

 

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, белгіленбеген жерлерде, әсіресе мас күйінде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц