Экспериментке арналған жәндіктерді бұған дейін Бразилия, Кайман аралдары, Панама және Малайзия сияқты елдерде осындай жобаны жүзеге асырған британдық Oxitec компаниясы ұсынды. Осы елдердегі тәжірибеден кейін тасымалдаушы масалардың саны 90 пайызға азайған. Модификацияланған масалардың шығарылуы пестицидтерді қолданбай-ақ популяцияны бақылауға мүмкіндік беретінін атап өту керек.
Штат билігі зиянкестермен күресуге жыл сайын 1 миллион доллар (430 миллион теңге) бөлетін көрінеді. Үкімет бұл мәселені шешу үшін жүздеген миллион генетикалық түрлендірілген масаны шығару аз шығын әкелуі мүмкін деген қорытындыға келіпті.