RSS лента

Масалар коронавирус тасымалдай ма?

  • 04.05.2021, 03:55,
  • 516
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазнет қолданушылары жазда маса шақса, COVID-19 жұқтыруға болады деп алаңдауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Stopfake.kz» мұны жоққа шығарды.

 

Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ресми сайтында жарияланған.

 

– Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек, – делінген аталған ұйым сайтында.

 

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер бұл аурудың қоздырғышы емес.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости