RSS лента

Бала жоғалса, каналдан іздейміз бе? (+видео)

  • 24.01.2022, 23:52,
  • 400
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

22 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында Атырау қаласындағы №19 үйдің ауласынан шыққан тоғыз жасар бала қайтып оралмады. Суықтан тоңып қалған інісі үйге кірсе де, бұл әрі қарай ойын қуып кеткен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайын облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен баспасөз брифингінде аталған департамент басшысының міндетін атқарушы Асхат Ержанов баяндап берді.




– Жоғалған баланың ата-анасы мен көршілері іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, еш нәтиже бермеді. Сондықтан облыстық полиция департаментінің көмегіне жүгінген. Осылайша, 23 қаңтарда сағат 05.30-да полициядан құтқарушыларға қоңырау түсті. Құтқарушылар жедел түрде Перетаска каналының маңында кинологиялық және су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жақын аумақтарды жаяу жүріп те аралап шықты. Бұл жұмыстарға 27 құтқарушы, оның ішінде үш сүңгуір, 100 полиция қызметкері, 60 ерікті тартылып, 15 техника жұмылдырылды. Өкінішке орай, сол күні сағат 19.00-де сүңгуірлер аталған каналдың орта тұсынан баланың денесін тапты. Айта кететін бір жайт, канал суы қыста қатпайды. Себебі, тұрбадан қатты қысыммен су ағады, – деді Асхат Амангелдіұлы.


Мамандардың айтуынша, қысқы мезгілде әр ата-ана балаларды бақылаусыз қалдырмауы керек. Қазір кез келген телефонға «ата-ана бақылауы» секілді оңтайлы бағдарламаларды орнатуға болады. Қалай болғанда да, Атырауда жыл сайын орта есеппен 20 шақты адам суға кетеді екен.


Өз кезегінде «Тұран Таймс» тілшісі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуға тырысты.


– Баланың қайда жүргенін камераның көмегімен анықтауға болмады ма?


– Бейнебақылау камералары арқылы баланың каналға дейін барғанын ғана  көруге болады. Ал, одан әрі не болғаны белгісіз. Сол жердегі тұрғындардың бірі дүкенге бара жатқан кезде канал үстінде ойнап жүрген баланы көріп, мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескерткен.


– Баланың Үндістан азаматы екені рас па?


– Иә. Жуырда ғана ол тоғыз жасқа толған.   


– Бұл каналда бұрын қайғылы оқиғалар орын алды ма?


– 2019 жылы екі жасөспірім суға ойылып, ажал құшты. Бұған сол кезде ауа райының күрт жылынуы себеп болған еді.


– Ендеше, осыған дейін қауіпті канал неліктен қоршалмаған?


– Канал Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында орналасқан. Сондықтан зауыт басшылығы тиісті жұмыстар жүргізуі тиіс. Ал, арнайы қоршау мен ескерту белгілерін орнату жөнінде облыс әкімінің қатысуымен өтетін алдағы комиссия отырысында ұсыныстар беретін боламыз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости