RSS лента

Экология нашарлап, шаш сиреді...

  • 04.10.2022, 11:32,
  • 716
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қоғамда көрікті қыз-келіншектер көп болғанымен, ұзыншаштыларымыздың қатары сиреп кеткені байқалады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Айсәуле Смағұлованың ойынша, қазір керісінше, қыз балалар арасында қысқа шаш қою сәнге айналған. Бұрынғы кезде әйелдер қылмыс жасаса, оларға қолданылатын жазаның ең ауыры шашын кесіп тастау болған көрінеді. Бұл сол кездегі әйелдер үшін өлім жазасымен пара-пар болыпты. Бұдан біз әйелдердің шашын баяғы кезден ерекше бағалағанын, қасиетін терең түсінгенін көреміз. Шынында, адам ағзасында өмір бойы жаңарып отыратыны – шаш. Қазір әйелдер қауымының көбінде шаш түсу үлкен проблемаға айналған. Бұл, әсіресе, өзіміздің Атыраудағы экологиялық ахуалға байланысты екені сөзсіз. Алайда, мамандар адам басынан күніне жүз тал шаштың түсуі қалыпты жағдай деп есептейді. Қазақстандағы «АМД» лабораториясының трихолог-дәрігері Елена Левицкаяның Атырауға сапары кезінде біз онымен осы тақырыпта әңгіме өрбіткен едік.

 

Шаш, расымен де, адам денсаулығының көрсеткіші іспетті. Ағзада қауіпті аурудың клиникалық белгілеріне дейін адамда шаш түсу және бас терісінің ауруы пайда болады. Шаш түсу – гормоналдық ауытқулардың, вирустық аурулардың, асқазан-ішек жолдары функциясы бұзылуының, иммундық жүйке ақауларының, тіпті ісік ауруларының белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шаш түсу себебін анықтау маңызды. Себебі, өзіңізге түрлі тәжірибе қолданып, қателікке ұрынғаннан гөрі, мәселені дәрігермен ақылдасып шешу әлдеқайда оңайырақ.

 

– Біздің лабораториядан көмек сұраған жастарды зерттеп, олардың қарбалас өмір салтымен үнемі стресте жүретінін білдік. Сондай-ақ, аз қимылдау, тез дайындалатын тағам мен газды сусындарға құмарлық, ұйқының қанбауы, шаш бояу және оны сәндеу құралдарын ретсіз қолдану шаш түсуінің бірден-бір себебі. Біз шашқа сыртқы күтім таңдасақ, шаш түбіне кешенді әсер етіп, керемет нәтижеге ие боламыз. «Біз немен тамақтанамыз – біз солмыз» деген сөз бекер айтылмаған. Мысалы, студент қыздың бос уақыты жоқ. Ол көбіне «кока-кола», тез дайындалатын тағам, тәтті жейді. Аталған жиынтықпен қандай шаш қалыптастыруға болады? Ол қаншалықты ақуыз, витамин және микроэлементтерге бай? Мұндай кезде иммундық және гормоналдық жүйенің әлсіреуі орын алады. Маман ретінде айтарым, толық нәтижеге жету үшін кешенді терапия керек, - дейді Елена Анатольевна.

 

Шаш күтімі маманының айтуынша, бір адамға көмектесетін әдіс келесі кісіге зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан қандай ем жасауға да абай болған ләзім.

 

Сөз соңында маман мынадай кеңес айтты: • Шашты көп бояудан, сәндеуден аулақ болыңыз; • Ультракүлгін сәулелендіруден қорғайтын құралдарды қолданыңыз; • Шашты сәндегенде жоғары температурадан аулақ болыңыз; • Суық күнде жалаңбас жүрмеңіз; • Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз; • Трихолог маманның қызметіне жылына бір рет болса да тексеріліп тұрыңыз.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости