RSS лента

Зейнетке шығу үшін қандай құжаттар қажет?

  • 26.11.2021, 02:26,
  • 1 293
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің мамандары зейнетке шығу жолдарын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еліміздегі зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге байланысты белгіленген зейнетақы жасы бойынша биыл әйелдер зейнеткерлікке 60 жасқа толғанда шығуда. Олар – 1961 жылдың шілде айы мен желтоқсан айында өмірге келген әйел адамдар. Аталған жас «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 2013 жылғы 21 маусымындағы №105-V заңының 11 бабының 1-тармағында көзделген.


Ал, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жас 6 айды құрайтын болады. Осы орайда 1961 жылдың екінші жартысында дүниеге келген әйелдердің (шілде – желтоқсан айларында) жыл аяғына дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындатуы қажет. Осы себепті, Зейнеп Әділқызы, сіз зейнетке шығуға үлгересіз.

Егер осы жастағы әйелдер желтоқсан айының соңына дейін құжат жасақтап үлгермесе, зейнеткерлікке шығу құқығына 61 жас 6 ай толғанда ғана ие болады. Яғни, 2022 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қана жүгіне алады. Қосымша айтарымыз, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер зейнеткерлікке бұрынғыдай ертерек – 53 жастан шыға береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости