RSS лента

Бір жасар баланың миына күрделі ота жасалды

  • 25.07.2022, 18:04,
  • 465
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық Сағынтайұлы

Атырау облыстық балалар ауруханасында жасалған күрделі ота сәтті аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бір жасар бала мерзімінен екі ай бұрын туылған екен. Ол бес күн бойы облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда баланың жағдайы жақсара қоймаған соң, мамандар балалар ауруханасының нейрохирургі Шодер Ариповтың көмегіне жүгінген. Дәрігерлер қойған дианоз бойынша миға қан кеткен. Бұл ультрадыбыстық зерттеу қорытындысымен расталған. Бірнеше рет ота жасалып, баланың жағдайы жақсара бастаған. Әйтсе де, кейін баланың миындағы алты ісік алманың көлеміндей деңгейге жеткен.

 

«Мұндай жағдай еліміздің өзге өңірлерінде де кездесті. Сондықтан біз Атырауға балалар нейрохирургі Данияр Сабдиналиевті шеберлік сабағын өткізуге шақырдық. Бірнеше сағатқа созылатын ота кезінде баланың миындағы патологияны алып тастадық. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деуге болады» дейді нейрохирург Шодер Арипов.

 

Айта кетейік, Шодер Арипов И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының түлегі травматология бөлімінде тәжірибе жинақтаған. Бірақ, оны нейрохирургия көбірек қызықтырыпты. Сөйтіп, Қарағанды мен Тараз қалаларында жемісті жұмыс жасаған. Ал, 2018 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыртуымен Атырауға көшіп келген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости