RSS лента

Шұғыл! Қазақстандық әйелдер зейнетке енді ерте шыға ма?

  • 02.01.2022, 16:46,
  • 7 004
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Биылдан бастап елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгерді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жастан 60,5 жасқа өсті. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабында осылай делінген. Ал, ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жас деп белгіленген.


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысы 7 пайызға, ал базалық зейнетақы төлемдері 5 пайызға өспек.  


Айта кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстанда зейнетке шығу жасы өсіп келеді. Бұл 2027 жылы зейнет жасы 63 жасқа жеткенге дейін жалғаспақ. 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер 45 жастан бастап зейнетке шыға алады. Сондай-ақ, бес және одан көп бала туған (асырап алған) әйелдер 53 жаста зейнетке шығуға құқылы.

Оставить комментарий
Последние новости