RSS лента

Ветеренарияның айналасында мәселе көп...

  • 19.08.2022, 04:10,
  • 666
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі
Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында ветеринария жүйесін реформалау бойынша нақты міндеттер қойды. Оған  қол жеткізу үшін ветеринарлық қызметке аудит және талдау жүргізілді, ветеринарияны реформалау бойынша шаралар әзірленді және олар сараптамалық қоғамдастықпен, бизнеспен, салалық қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен бірнеше рет талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың айтуынша, осы жұмыстың қорытындысы бойынша ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді. 


«Ол мынадай шараларды қамтиды: ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін анықтау; ветеринария саласындағы цифрландыру және автоматтандыру; ветеринария саласында кадрлар даярлау; жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру; ветеринариялық қызметтер деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату; Қазақстанның ветеринария саласындағы заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру. Жоғарыда аталған барлық реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - деді спикер.


Ветеринариялық қызметке жүргізілген талдау шеңберінде қадағалау және іске асыру функцияларының жеткіліксіздігі айқындалды. Мысалы, аурудың өршуі анықталған жағдайда карантинді және шектеу іс-шараларын уақытылы қолданбау; мал иелеріне әкімшілік әсер ету бойынша ауылдық округтердің ветеринарлық мамандарында өкілеттіктердің болмауы, яғни әкімшілік айыппұл сала алммайды; сондай-ақ әкімдіктердің ветеринариялық мамандарының оларға тән емес функцияларды жүзеге асыруы (қаңғыбас иттерді аулау және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру). 


Аталған проблемаларды жою үшін 6 функцияны қайта бөлу және әкімдіктерден Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне беру ұсынылады.


«Яғни, өңірден орталыққа эпизоотиялық ошақтарды зерттеп-қарауды жүргізу; эпизоотологиялық зерттеу актісін беру; аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару; карантинді және шектеу іс-шараларын белгілеу және/немесе алып тастау туралы шешім қабылдау сияқты функциялар беріледі. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды ветеринарлық  бақылау комитетіне беру жоспарлануда», - деді спикер.


Бұл ретте әкімдіктердің ветеринариялық мамандарының өзіне тән емес функцияларын алып тастау пысықталатын болады: ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру. Барлығы аутсорсингке беріледі.


Тағы бір проблема...


Бұл - әкімдіктердің жоспарлы вакцинацияларды сәйкестендіру және жүргізу бойынша тиімсіз жұмысы. Бұл әкімдіктердің биркалар мен ветеринариялық препараттарды ұзақ мерзімді орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуға тәуелділігіне байланысты. Салалық  ведомство оның шешімін тапты. Осы кемшіліктерді жою үшін реформалар аясында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін сырғаларды сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру көзделген.


Оның айтуынша, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін биркалар тегін берілетін болады, өйткені биркаларды сатып алу бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. 


«Ал ұйымдастырылған шаруашылықтарға (ШҚ, ФҚ, ЖШС және т.б.) құлақ сырғалары, радиожиілік сырғалары немесе тері астындағы чиптер болсын өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін сәйкестендіру атрибуттарын сатып алу құқығы берілетін болады.Сондай-ақ, аудандық деңгейде АШЖБ деректер базасында түзетулерді (өзгерістерді) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына өзгерістер енгізу, оның ішінде бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарлары басын заңдастыру кезінде арнайы алгоритм және растайтын құжаттар тізбесі бекітілетін болады. Бұдан  бөлек,  АШЖБ мобильді нұсқасы іске қосылады. Бұл жануарларды сәйкестендіруді және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді», - деді спикер. 


Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын уақтылы диагностикалау және вакцинациялау шеңберінде отандық өндірушілерден ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігімен бірыңғай операторға ветеринариялық препараттарды сатып алу функцияларын орталықтандыру мәселесі заңнамалық деңгейде пысықталатын болады, бұл әлемде және Қазақстанға шектес елдерде эпизоотиялық ахуал үнемі өзгеріп отыратындықтан, өзекті штамдары бар вакциналардың қажетті көлемде қажетті уақытта болуына мүмкіндік береді.


Сиыр мен жылқының «паспорты»...


Ветеринария саласындағы цифрландыру шеңберінде «ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» мобильді қосымшасын әзірлеу жоспарланып  отыр. Жүйеде жануардың биркасын сканерлеуге және барлық қажетті деректерді ақпараттық жүйеге енгізуге болады. Бұл ретте мобильді қосымшаның офлайн режимде жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.


«Сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттарды (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық сертификат, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат) беру бөлігінде ветеринариялық ақпараттық жүйенің (ББАЖ) функционалын кеңейту және техникалық проблемаларды жою; ветеринариялық препараттарды қолдануды реттеу мен бақылаудың жаңа ақпараттық жүйесін әзірлеу (ведомстволық); ветеринариялық іс-шаралар бойынша ветеринариялық есептілікті автоматтандыру; ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру. Ветеринария процестерін цифрландыруды және автоматтандыруды жүргізу статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді, ветеринариялық дәрігерлерді қағазбастылық жұмыстан босатады, экспортқа/импортқа рұқсат беру құжаттарын алуды жеңілдетеді, бақылаудағы объектілердің орнын ауыстыру мен айналымын бақылауды күшейтеді, сондай-ақ АӨК субъектілері үшін субсидиялар мен жеңілдікті кредиттер алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерді төмендетеді», - деді спикер.


Ветеренария туралы заң бар ма?


Аграрлық сектордағы ең төменгі жалақы алатын мамандықтардың бірі - ветеринарлық дәрігерлер. Республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 жасты құрайды. Лайықты жалақының болмауы, қиын еңбек жағдайлары, ауылдық жерлерде инфрақұрылымның дамымауы жастар арасында мал дәрігері кәсібінің тартымсыздығына алып келді. АШМ вице-министрі Рүстем Құрманов бұл мәселеге тоқталып қана қоймай, оны шешу жолдарын да атап өтті.


Осы жылдың бірінші тоқсанынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен республика бойынша орта есеппен мемлекеттік аудандық ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарының жалақысы үштен бірге арттырылды. 


«Жыл соңына дейін одан әрі 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы, қазір мемлекеттік аудандық ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттердің ветеринарлық дәрігерлерінің орташа айлық жалақысы өңірлерге байланысты 98 мыңнан (Қызылорда обл) 206 мыңға (Павлодар обл) дейін құрайды. Алайда, бұл жеткіліксіз. Осы проблемаларды шешу мақстында келесідей шаралар қабылданады. Бәсекелі сектор жоқ жерлерде аудандық аудандық ветеринариялық станциялары мен ветеринариялық пункттердің ақылы қызметтерінің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол үшін барлық жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифтері бекітіледі; Тиісті заңнамалық базаны қабылдай отырып, келесі жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар ветеринариялық мамандарының лауазымдық жалақысына 50%-дық және зиянды еңбек жағдайлары (патогендігі 1-ші және 2-ші санаттағы биоагенттермен жұмыс істеу) үшін мемлекеттік коммуналдық мекемелердің базалық лауазымдық жалақысына 140%-дық қосымша ақыны, сондай-ақ сауықтыру құралы ретінде 2 лауазымдық айлықақы төлеуді жүзеге асыру көзделеді. Бұл шаралар мал дәрігері кәсібінің тартымдылығы мен беделін едәуір арттырады. Ауылдық жерлерде кадрлар даярлау және ветеринариялық мамандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі проблемаларды шешу үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі. Жоғары білім және ғылым министрлігіне ветеринариялық мамандықтар бойынша ауылдық квотаны бүгінгі 30-дан 70%-ға дейін ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізілді. Ұлттық экономика министрлігіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринарларға көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар жолданды. Білім беру процесінің сапасын арттыру мәселелеріне келетін болсақ, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында практикалық сабақтар өткізу; оқытудың практикалық бағыттылығын күшейте отырып, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыру; - жас оқытушылардың ғылыми және өндірістік ұйымдар базасында оқытылатын пәндердің ерекшелігі бойынша кемінде бір жыл мерзімге міндетті тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру ұсынылды. Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және ветеринария саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау үшін негіз жасайды», - деп атап өтті спикер.


Аталған барлық мәселелер әзірленіп жатқан «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасында көрініс табады. Құжат қыркүйек айында депутаттардың қарауына жіберіледі.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости