Бүгін біз еңбекке қатысты осы және өзге сауалдар төңірегінде мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВПЕН сұхбаттасқан едік.
– Игілік Айдарұлы, карантиндік шараларға байланысты бүгінде жұмыс көзі азайды. Бұл жұртшылықтың жағдайына да әсер еткені шын. Сондықтан алғашқы сұрағымды жыл басынан бері сіздің басқармаға түскен арыз-шағымдардан бастасам деп едім.
– Өзіңіз білесіз, біздің басқарманың басты бағыты – еңбектегі заң бұзушылыққа жол бермеу. Еңбекақы қарызы, төменгі жалақы мөлшерін көтеру, ұжымдық жəне еңбек шарттарындағы өрескел бұрмаланған фактілер – бəрі еңбеккерлердің заң алдындағы құқығын қорғауға бағытталған басымдықтар. Облыстағы еңбек инспекциясы өңірдегі жұмысшылар құқығының қорғалуын өз бақылауында ұстап қоймай, оларға заң шеңберінде ара түседі. Жыл басынан бері басқармаға 592 арыз түсті (2020 жылы – 1 412). Оның ішінде жалақының кешігуіне байланысты түскен арыздың саны – 299. Ол бойынша тексерулер тағайындалып, тиісті шаралар алынды. Басқарма заң бұзушылыққа жол бергендерді анықтап, бүгінгі күнде 37 мекемеге 6,7 млн. теңге көлемінде əкімшілік айыппұл салып отыр.
– Қазір әлеуметтік желінің заманы. Ешкім бұрынғыдай арыз-шағымын аяқтай апарып жүрмейді. Жұмыс жасап тұрған «ыстық желіге» қандай сұрақтар жиі қойылады?
– Басқарманың 1302 – қалалық, 8 771 992 72 63 мобильдік ватсап «ыстық желісі» іске қосылған. Бізге еңбекақының уақытылы төленбеуі немесе кешігуі, заңсыз жұмыстан босатылуы немесе қысқартылуы, демалыс жəне мереке күндеріндегі жұмысы үшін өсімақының дұрыс есептелмеуі, еңбек шарты бұзылғаннан кейінгі уақытылы немесе дұрыс есеп айырыспауы секілді сұрақтар жиі қойылады. Ə р и н е е ш к і м е р і к к е н н е н арызданбайды ғой. Мəселен: былтыр 125 адамға (2020 жылы – 400) түсіндірме берілген болса, 1302 қалалық желі арқылы 16 (2020 жылы – 41) сауалға жауап қайтарылды. Басқарманың «Facebook» желісі арқылы 251 азаматқа еңбек қатынасы туралы түсінік берілді. Бұлардан басқа облыстық «Атырау» жəне «Прикаспийская коммуна» газеттерінде еңбек заңнамасына байланысты мақалалар тұрақты жарияланып тұрады.
– Жасыратыны жоқ, өмірде түрлі жазатайым оқиғалар болып жатады. Биыл осындай қанша оқиға тіркелді?
– Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қ о р ғ а у – б а с қ а р м а н ы ң н е г і з г і міндеттері. Өндірістегі жарақат алған жұмысшылардың құқығы Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң заңнамасындағы талаптарға сəйкес қорғалады. Əрбір жұмыс беруші өзінің жұмыскерлерімен міндетті жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісімшартын жасақтайды. Бүгінгі күнге 19 жазатайым оқиға тіркеліп отыр. Орын алған оқиғалар бойынша тергептексеру жұмыстары жүргізіліп, арнайы тергеп-тексеру актілері шығарылады. Сосын олар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.
– Жұмысшы-қызметкерлер вахталық әдіспен 28 күн еңбек ететін. Соңғы кезде ол 56 күн болды. Олардың айлығы соған сай төленуде ме?
– Бұл сұрақтың бүгінгі таңда ең актуальды тақырыпқа айналып отырғаны рас. Пандемияға байланысты к ө п т е г е н к о м п а н и я н ы ң ж ұ м ы с көлемін қысқартқаны, еңбеккерлердің біразының жұмыссыз қалғаны да белгілі. Дегенмен жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында қосымша еңбек шарты жасақталуының нəтижесінде жұмысшылардың вахталық мерзімі ұзартылды. Олардың жалақыларына да өзгерістер енгізілді. Осылайша айлықтары еселенген тəртіппен төленуде.
– Ел арасында коронавирусқа қарсы екпе туралы түрлі пікір айтылады. «Вакцина алмағандар жұмысқа қосылмайды» деген әңгіме де айтылып жүр…
– Əрине, ол қате пікір. Екпе ерікті түрде ғана салынады. «Вакцина алмағандар жұмысқа қосылмайды» деген тұжырым заңға қайшы. Бұл мəселе жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара келісім арқылы шешіледі.
– Оқырмандар «қайта-қайта «қызыл» аймаққа еніп отырған атыраулықтарға, жұмыссыз қалған жағдайда, бұрынғыша 42 500 теңге төлене ме» деп сұрайды. Бұған қатысты не айтасыз?
– Жұмыссыз қалғандар, еңбек қатынасында жоқ адамдар жергілікті жұмыспен қамту бөлімдеріне барып, жұмыссыздық бойынша тіркелуі қажет. Содан кейін жұмыссыздық бойынша арнайы төлемақы жүргізіледі. Бұл мəселе аталған мекемелердің құзырында болғандықтан, нақты қанша төлемақы берілетінін айта алмаймын.
– Аурулығы себепті жұмысқа жарамсыз болған жағдайда немесе артық сағат жасағанда ақша қалай төленеді?
– Жұмысқа жарамсыз парағы бойынша төленетін ақша 15 АЕК мөлшерінен аспауы қажет. Ал артық сағаттары үшін Еңбек кодексінің 108 бабына сəйкес үстемеақы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шартта жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізінде бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.
– Шетелдік жұмыс күшінің тартылуы, олардың еңбекақысы мен жергілікті жұмысшылар еңбекақыларындағы айырмашылық туралы да айта кетсеңіз. Мұндай фактілер әлі бар ма?
– Өзіңіз көтеріп отырған мəселені «дискриминация», яғни еңбекақы айырмашылығы немесе кемсіту фактілері деуге болады. 2020 жылы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қолдау министрлігінің өтініші бойынша, Елбасының тапсырмасына сəйкес, шетелдік жұмыс күштері бар 43 компанияға тексеру жұмыстары ж ү р г і з і л д і . О н ы ң б а р ы с ы н д а отандық 109 қызметкерді кемсіту фактісі анықталды. Сондай-ақ, 167 шетелдіктің мамандығына сəйкес емес қызметпен айналысқандығы, 114 шетелдіктің атқарып отырған лауазымына білімінің сəйкес еместігі белгілі болды. Осыған байланысты басқарма тиісті шаралар алып, нəтижесінде 24 нұсқама толтырылып, 264 əкімшілік іс қозғалды, 96,5 млн. теңге сомасында айыппұл төленді, уəкілетті органға 262 шетелдіктің мерзімін ұзартпау жəне кері шақырту туралы хат жолданып, 212 шетелдіктің рұқсат қағаздары кері алынды. Ал 2021 жылы наразылық акциялары тіркелген жоқ.
– Елімізде жалпыға ортақ Еңбек кодексі бар. Соған қарамастан, әр жұмыс беруші мұны өз мүддесіне қарай бұрып алады. Жалпы жыл басынан бері жұмыс берушіден жәбір көрген қанша адам көмек сұрады, олардың мәселесі қалай шешілді?
– Əр адам жұмысқа кірерде жұмыс берушімен арада еңбек шартын жасақтайды. Бұл – міндетті. Сол кезде екі жақты келісім негізінде еңбекақысы, жұмыс уақыты, еңбек демалысы, еңбек жағдайлары келісіледі. Бұл жерде жұмыс беруші тарапынан бұрмалау немесе өзінің мүддесіне қарай бұру деген мағына болмауы тиіс. Сондықтан да еңбек шартын жасақтар алдында адамдар өзінің құқығы мен міндеттеріне, сондай-ақ жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтарына да назар аударулары қажет.
Тағы бір басты мəселе – жаз айлары келді, мектеп оқушылары мен білім беру мекемелерінің студенттері үшін демалыс күндері басталды. Бұл кезде көптеген жастың жұмыс жасағысы келеді.Ол үшін өздері немесе атааналары қолданыстағы заңнаманың кейбір талаптарын білуі керек. Мəселен еңбек заңнамасында қызметкерлердің, оның ішінде 18 жасқа толмағандардың еңбек тəртібін реттеу ерекшеліктері айқындалған. Соған сəйкес кəмелетке толмағандарды түнгі, ауыр жұмыстарға, денсаулығына зиян келтіретін, олардың моральдық дамуына кедергі болатын жəне қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жіберуге тыйым салынады. Осы жағдайды ескере отырып, еңбек шартына ата-анасы, қорғаншысы, қамқоршысы немесе заңды өкілдері болып табылатын асырап алушылар қол қоюлары керек. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды жұмысқа орналастыру кезінде сол жұмыс орнына барып, жұмыс берушілермен тікелей, көзбе-көз кездесіп, сөйлесіңіз. Олармен үнемі байланыста болыңыз.