RSS лента

Шілдеден бастап жалақы 150 пайызға өспек

  • 21.03.2021, 14:47,
  • 2 444
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Биылғы шілдеде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30-150 пайызға өседі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Жазда мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу көзделіп отыр, – деді еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Жарқын Тілеукенов. – Соның аясында лауазымның дәрежесі емес, қызметтің маңыздылығы мен рөлі ескеріледі. Нәтижесінде, жалақы 30 проценттен 150 процентке дейін көтеріледі. 

 

Бүгінде еңбекақы кестесі лауазымдар иерархиясына негізделген. Сол себепті төменгі деңгейде жұмыс істейтіндер аз ақша алады. Ал мемлекеттік органның дәрежесі жоғары болған сайын еңбекақы да көбейеді.


Жаңа жүйеде иерархия көп ескерілмейді. Оған сәйкес, алдымен лауазымның мазмұнына, қызметтің қаншалықты қиын болғанына мән беріледі. Сондай-ақ, жаңа жүйе аясында қызметкердің өкілеттілік аясы мен жауапкершілігі ескеріледі. Ал ауылдар мен аудандарда жалақының өскендігі сезіледі. Орталықта еңбекақы қатты өспейді. Ауылда істейтін 9-11 жылдық еңбек өтілі бар қызметкер айына орташа 89 мың теңге алады. Барлық төлемді шегеріп тастаса, қолға одан да аз алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости