RSS лента

Мен қалай «миллионер» атандым?

  • 05.05.2021, 04:55,
  • 630
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мен қалай «миллионер» атандым?

 

Б і р д е э л е к т р о н д ы п о ш т а м а т ү с і н і к с і з мекен-жайдан үш мәрте қ а й т а л а н ы п к е л г е н хатты көзім шалды. Онда «Сіздің электронды поштаңыз жеңімпаз деп танылды. 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі ұтысты алу үшін, есепш о т ы ң ы з д ы н е м е с е т ө л е м к а р т а н ы C V кодымен қоса жолдаңыз» деп жазылыпты...

 

Аспаннан «түскен» 500 мың доллар

 

Өзін mail.ru поштасының өкілі ретінде таныстырған Елена есімді хат иесі ұсыныстың 24 сағатқа ғана қолжетімді болатынын ескерткен екен. «Шұғыл түрде банк картасын CV кодымен қоса жолдасаңыз, екі сағаттың ішінде картаңызға ұтыс жөнелтіледі» де - ген Елена есімді виртуалды «жебеушімнің» хатын соңына дейін тексеруге бекіндім. К а р т а м д ы қ а р а ж а т т а н толық тазартып алғаннан кейін ол жіберген мекенж а й ғ а т ө л е м к а р т а м н ы ң нөмірін CV кодыммен қоса жөнелттім. Араға он минут салып, транзакцияны жасауда ақаулар орын алғаны туралы хат келді. Онда төлемді тезірек алуым үшін 294 рубль жіберуімді сұраған екен. Төл валютамен есептегенде шамамен 1800 теңге болатын қаражатты онлайн аударым жүйесі арқылы жолдадым. Көп ұзамай поштама тағы хат келді. Ақаудың ұзаққа созылатыны ескертілген хатта тағы да 1000 рубль төлеуім керектігі айтылыпты.

 

«Бұл қаражат долларды рубльге айналдырып салу үшін қажет. Ұтысыңыз жөнелтілгеннен кейін, 1000 рубль көлеміндегі комиссия шотыңызға қайта жіберіледі» делініпті хатта. Әрине, бұл хаттан соң белгісіз « ж е б е у ш і м м е н » а р а д а ғ ы әңгіме тоқтады. Есесіне, банкке барып, жаңа картаға тапсырыс беруіме тура келді. Менің оқиғамды естіген « С б е р б а н к » б а н к і н і ң менеджері қандай жағдай б о л м а с ы н , к а р т а н ы ң нөмірі, әсіресе, CV код тур а л ы а қ п а р а т т ы б е л г і с і з тұлғаларға беруге болмайтынын ескертті. «Себебі, CV код сіздің картаңыз туралы құпия ақпаратқа бастайтын жол. Интернет алаяқтар кез келген уақытта картаңыздан онлайн операция жасап, ақшаңызды суырып алуы мүмкін» деді менеджер.

 

Екі сағатта «келетін» 200 мың теңге

 

«Жылдам табыс» «табу» жолындағы екінші оқиғам «Instagram» желісінде орын алды. Тез арада ақшаны еселеуге шақырған жарнама парақшасының бірі @Bitink. кz. деп аталады. Өзін халықаралық компанияның өкілімін деп таныстырған Қайрат есімді жігіт маған ақша табудың екі жолын ұсынды.

 

Бірінші жолы – ақшаны еселеп көбейту. Яғни, өздері «депозит» деп атайтын шотқа 30 мың теңге салуым керек. Сөйтіп, екі сағат күтсем мен 200 мың теңгенің иесі атанып шыға келемін-мыс. Осылайша, бір апта бойы 30 мың теңгеден салып, небәрі жеті күн ішінде 1 миллион 400 мың теңге табуға кеңес берген «жебеушімнен» мұнша ақшаны қайдан және қалай алатынын сұрадым. Букмекерлік кеңселерге барып, белгілі бір ойындарға бәс тігеміз.

 

Осылайша, бір-екі сағаттың ішінде мол ақшаға к е н е л е к е т е с і з . Ұ т ы с т ы ң ш ы ғ а т ы н ы н а 1 0 0 п а й ы з кепілдік береміз. Өйткені, ойын нәтижелерін біз алдын ала келісіп аламыз» деді ол. Әуелі «Instagram» директі, кейін «Whatsapp» желісі арқылы өрбіген әңгімеміздің жауабын көп күтпестен, әлгі жігіт ешқандай салымсыз-ақ пайда табуды ұсынып, тағы хат жазып жіберді.

 

Осы тақырыпқа әдейі уақыт арнағаннан кейін маған да керегі сол ғой. Әлгіден бұл мәселені де кеңірек түсіндіруін сұрадым. «Бұл жерде қиын ешнәрсе жоқ. Бәрі оңай, әрі қарапайым» деген ол досының желідегі осындай парақшасын басынан-аяғына дейін мақтап беруімді сұрады. «Досым «раскрутканы» (демде ақшаны көбейту – Авт) енді бастап жатыр еді. Оны танымал ету үшін бейнекөрініс керек болып тұр. Бір адамнан үш бейнекөрініске дейін талап етеміз. Яғни, біз дайын мәтін береміз. Сіздің міндетіңіз камераға қарап отырып, сол мәтінді қайталап беру. Осы қызметіңіз үшін сізге 30 мың теңге береміз» деді әлгі жігіт.

 

Арада сәл үзіліс өткеннен кейін әлгі жігіт ақшаны демдеп көтеріп алудың әлдеқайда дұрыс шешім болатынын айтты. «Әпсәтте несиеден құтылып, шетелде қыдырып жүресіз» деген жігіт ақшаны Qiwi-әмиянға жіберуімді сұрады. «Мен банк картасын ұстамаймын» деген ол, Qiwiәмиянның букмекерлік жұмыс үшін әлдеқайда тиімді екенін айтты.

 

«Сізге бұл қызметтен келіпкететін пайда бар ма?» Бейтаныс жебеушіме қойған соңғы сұрағым осы болды. «Әрине, бар. Мен сіздің табысыңыздың он пайызын өзіме алып отырамын. Оның үстіне, өзім әр ойыннан миллиондап шығарып жатқаннан кейін, өзгелермен де бөліскім келеді» деді ол. Арамыздағы соңғы әңгіме осы болды.

 

Мен әрине ол жігітке ақша жібермедім. Бірақ, арада екі-үш күн өткеннен кейін мен хат алмасқан аккаунттың атауын өзгертіп, мүлде басқа никпен жарнама жасап жатқанын көрдім.

 

 Қазіргі картина

 

Бірнеше күндік зерттеуіміз бойынша сенімді түрде айта алатын бір жайт бар. Біріншіден, «әп-сәтте ақшаны еселеп» беру қызметін ұсынатындардың барлығының «жұмыс» істеу сызбасы бірдей. Яғни, көп ақша табу үшін алдымен өзіңіз ақша салуыңыз керек.

 

Екіншіден, олардың қай-қайсысы да сізге жеке өзінің банктік картасын жіберуден ат тонын ала қашады. «Менің жеке картам жоқ. Табысты болғыңыз келсе, Qiwi әмиянға» ақша жіберіңіз дейтін бұлардың кейін ізін табу – мүмкін болмай қалады. Себебі, статистика Qiwi – әмиян арқылы алаяқтарды табу мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің Президент Әкімшілігі Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық Банкке Qiwi-әмияндағы транзакцияларды ашық етуге байланысты тапсырма да берген болатын.

 

«ҚР Төлемдер туралы заңына сәйкес, он айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер анонимді түрде жүргізіле береді. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Яғни, барлық төлемдер, аударымдар жөнелтушінің және ақша алушының толық аты-жөні көрсетілуі арқылы жасалуы керек» деген еді сол кездегі еліміздің бас полицейі Қалмұхаммед Қасымов.

 

Сарапшылардың айтуынша, біз сөз етіп отырған Qiwiәмиян арқылы жасалатын қылмыстардың ашылу деңгейі өте төмен. Мұның себебін сарапшылар Qiwi-әмиянға салынған 100 мың теңгеге дейінгі ақша аударымдарының қозғалысын бақылау мүмкін еместігімен түсіндіреді. Расымен де, алаяқтар көп жағдайда Qiwi-әмиянға негізінен 10 мың мен 60 мың теңге аралығында ақша салуды ұсынады. Біздің қосарымыз – ақшаны тапқан жақсы, бірақ оны табудың жолын өзгеге емес, өзіңізге тапсырыңыз.

 

Сіз не дейсіз?

 

Ләззат ТЕМІРЖАНОВА, сарапшы:

 

К и б е р қ а у і п с і з д і к б о й ы н ш а д ү н и е ж ү з і л і к индексте Қазақстан 83-ші орында болды. Осыдан екі жыл бұрынғы бұл мәлімет әлемдегі 165 мемлекеттің барлығын қосқандағы статистика. Бұл жердегі мәселе қылмысты тергейтін мамандардың біліктілігіне де байланысты. Себебі, интернет арқылы жасалатын алаяқтық ІТ технология саласын жетік меңгеруді қажет етеді. Көп жағдайда интернет арқылы қылмыс жасайтындар шет елдерде жасырынып жүреді. Сондықтан, мамандарды ІТ саласына жақсылап оқыту керек.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости