RSS лента

Желіде Премьер-Министрдің фейк сұхбаты тарады

  • 10.10.2023, 18:24,
  • 371
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суретімен алаяқтық жарнама таратылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бөгде сайтта жарияланған Үкімет басшысының сұхбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады. Ресми stopfake.kz мұның фейк екенін мәлімдеді. Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

 

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

 

Жақында әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысты оқырмандарға табыс табудың жеңіл жолдары ұсынылған осындай фейк тараған болатын.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости