RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты ақпарат тарады...

  • 17.11.2022, 05:41,
  • 963
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкаға кеткені туралы видео жарияланды

Ресми stopfake.kz мұның фейк екенін мәлімдеді. Ресми дереккөздерде отставка туралы ақпараттар жоқ. Ақорда сайтында да, Президенттің жеке Twitter-аккаунтында да, оның баспасөз қызметінің аккаунтында да бұл туралы ештеңе жазылмаған.


Шындыққа жанаспайтын оқиғаларға «аты айғайлап тұрған» тақырыптар қою – блогерлер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өз жарияланымдарына назар аударту үшін жиі пайдаланатын әдіс. Оларға сенбеңіздер.


Сонымен қатар отставкаға кету туралы видео жарияланған TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшасы жоқ. Аталған әлеуметтік желіде оның атынан ашылған барлық аккаунттар жалған.


Президенттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер Ақорда сайтында көрсетілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости