Кітаптарды қайта басып шыққаны үшін күніне тоғыз мың теңгеден және одан артық төлейді екен. Ресми stopfake.kz бұл алаяқтардың іс-әрекеті екенін мәлімдеді. Мәтін терушілерді қашықтан жұмысқа қабылдау туралы осындай хабарлама 2023 жылдың басында Қазнетте тараған болатын. Видеодағы әдемі келіншек қолайлы жағдайлар мен көп табыс табуға болатыны туралы айтқан. Шын мәнінде ол күмәнді құрылыс жобаларына ақша салуға, белгісіз жерлерге жұмысқа орналасу шақырған актриса болып шықты.
Бір қызығы, сол кезде де, қазір де «Қазақстан кітапханасы» ұйымы жұмыс ұсынып отыр. Елімізде мұндай кітапхана жоқ. Яғни, онда жұмысқа орналасу мүмкін емес.
Сонымен қатар, фейк бос жұмыс орындарын ұсыну схемалары бұрыннан бар, олар Желіде жақсы сипатталған. Әдетте, алаяқтар «өтініш берушіден» бірнеше тапсырманы орындауды және көрсетілген шотқа «кепіл» ретінде аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды. Бұл жай формальдылық, оны төлегеннен кейін теріп шыққан мәтіндер үшін қаламақы бірден төленеді деп сендіреді. Ал «кепіл» төленгеннен кйеін алаяқтар жәбірленушімен байланысты тоқтатады және «мансап» басталмай тұрып аяқталады.
Мұның бәрі мәтін терушілерді жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру жалған екенін және оған сенуге болмайтынын көрсетеді. Бұл Желідегі кибер алаяқтардың ісі.