RSS лента

«Игры в кальмара» балаларға қауіпті ме?

  • 18.10.2021, 01:46,
  • 586
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Netflix стриминг компаниясы оңтүстіккореялық «Игры в кальмара» (Squid game) сериалынан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Bloomberg жариялаған америкалық Netflix ағындық қызметінің құжаттарына сәйкес, платформа Оңтүстік Кореяның «Игры в кальмара» сериалынан шамамен 891,1 миллион доллар табуды жоспарлап отыр.

 

Netflix сериалды шығаруға барлығы 21,4 миллион доллар, бір эпизод үшін 2,4 миллион доллар жұмсағанын айтты.

 

Сондай-ақ, Netflix есептерінде адамдар сериалды көруге 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсағанын, сериалдың алғашқы 23 күнінде шамамен 132 миллион адам «Игры в кальмара» аз дегенде екі минут көрген.

 

Ағындық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары құжаттардан алынған құпия деректерді жарияламауы керек деп мәлімдеді.

 

«Netflix бұл көрсеткіштерді компаниядан тыс жерде талқыламайды, құпия деректерді рұқсатсыз қолданғандарға шаралар қолданылады» деді компанияның адвокаты.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости