«Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш ілініп тұрады. Ол Қазақстанға қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көрсетеді. Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін алты миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр» деді ол.