Бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы азаматтардың хабардарлығы артқаны байқалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну және полицияға деген сенімнің артқаны атап өтілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР МАМ жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисова мәлімдеді. Бұдан бөлек, Министрлік Жоғарғы сот және өңірлердегі отбасылық соттармен бірлесіп «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруда. Аталған жоба аясында ерлі-зайыптылар психологтардан, заңгерлерден, медиаторлардан және әлеуметтік қызметкерлерден кеңес алады. Қаралған істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған. 30%-дан астам отбасын сақтап қалу мүмкін болды.
Спикер сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу санының 16%-ға төмендегенін атап өтті.
Жыл сайын Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мерейлі отбасы» байқауын өткізеді. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысқан. Спикер Комитеттің дәстүрлі құндылықтарды, азаматтардың адамгершілік-рухани тәрбиесін БАҚ, кино, театр және кітап өнімдері арқылы ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетінін айтты.

