RSS лента

Енді ұрып-соғу үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген

  • 14.06.2024, 11:12,
  • 388
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Жаңа құжатты ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде 120-дан астам түрлі дөңгелек үстел, форумдар мен талқылаулар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия алаңында жиындар өткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі мәлім етті. Жалпы, қоғамда барлық дауды құқықтық салада шешу керек, ал зорлық-зомбылыққа жол берілмейді және ол заңмен қудалануы керек деген нақты пікір қалыптасқан.

 

Бұл заң жобасы қоғамның сұранысын іске асыруға бағытталған және Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің алқасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін ерекше атап өткені кездейсоқ емес.

 

«Заңның бірегейлігі мынада: ол отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құрудан, зорлық-зомбылықтың алдын алудан (ерте анықтаудан), зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесуден, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі нормалардан тұратын шаралар кешенін қабылдауды көздейді», - деді спикер.

 

Заң аясында қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік кодекстерге көптеген түзету енгізілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости