RSS лента

Қазақстанда халықаралық акция басталды

  • 26.11.2024, 10:31,
  • 163
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

 

Акция аясында Астанада елордалық жоғары оқу орындары арасында чемпионат өтті. Іс-шараның ережелері бойынша командалар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативті тәсілді ұсынуы тиіс.

 

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц