«ҚР балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы» заңы талаптарының сақталуын бақылау шеңберінде БАҚ өнімдерінде, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лира Раисова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады. Сонымен қатар ведомство мамандары ата-аналық бақылау қосымшалары туралы ақпаратты кеңінен таратылып, танымал жаңалық порталдарында жариялап отырады.
Елімізде жалпыға қолжетімді 3898 кітапхана жұмыс істейді. Олардың 5 млн-нан астам оқырманы бар. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында Министрлік онлайн-викторина, кітап көрмелері мен челленджер өткізеді. Сондай-ақ «Абай оқулары», «Шәкірім оқулары» сынды іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырады. Нәтижесінде соңғы бір жылда кітап оқитындар саны 2 есе ұлғайды. Қазір қазақстандық жастар жыл ішінде шамамен 10-12 кітап оқып шығады.
Елімізде балалар мен жасөсіпірімдерге арналған 6 театр және 7 қуыршақ театры жұмыс істейді. Түрлі мереке күндері олар тегін қызмет көрсетеді.
Балаларды жағымсыз мультмедиалық контенттен қорғау мақсатында Ата-аналар академиясы құрылды. Бұл жоба балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғауға бағытталған. Айта кетерлігі, отбасылық құндылықтарды насихаттау шаралары да үнемі ұйымдастырылып отырады.