RSS лента

«Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылады

  • 25.08.2023, 18:05,
  • 587
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда жайсыз отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған «Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тақырыбындағы тамыз кеңесінде айтты.

 

«Өкінішке қарай, ата-аналардың едәуір бөлігі, ең алдымен, өмір сүру, қаржы табу мәселесімен шұғылданып, балаларымен қарым-қатынас жасауға жеткілікті уақыт бөлмейді. Мамандар отбасылардағы қолайсыз психологиялық климатқа, қарым-қатынастың тұрақсыздығына, отбасылық мақсаттардың бағдарсыздығына алаңдаушылық танытуда. Осының әсерінен тұрмысы қолайсыз отбасылар пайда болады. Бүгінде Ішкі істер органдарының есебінде 6 мыңға жуық осындай жанұя тұр. Сол себепті биыл тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеу үшін «Әлеуметтік патронат» жобасы енгізіледі» деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас.

 

Сонымен қатар ол жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс бастайтынын айтты. Орталықтың қызметі – ата-аналарға балалармен қарым-қатынастың озық үлгілерін үйрету арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық саламаттығын қамтамасыз ету болмақ.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости