Жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады.
Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен» ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.
Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді.
№ 1 «ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына» өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) «Талқылау» – «Стандарттар» – «ҚР ҰС жобаларын талқылау» бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады, олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.