Заңның іске асырылуының негізгі құралы білім алудың баламалы формасы болмақ.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, жаңа заң балама білім беруді тануға мүмкіндік береді, яғни адамдар дағдыларды өз бетінше онлайн-алаңдарда, жұмыс процесінде алған білімді.
Адамның өз бетінше алған білімі мен дағдылары сертификаттау орталықтарында расталады. Бұл новелла да жаңа заңда қарастырылған.
«Тиісті сертификат өзара еңбек қатынастары шеңберінде танылады. Бұл азаматтарға еңбек нарығына тезірек шығуға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.
Бұл ретте, заң тәуелсіз сертификаттаудан өту кезеңінде жұмыс орнының, еңбек заңнамасында көзделген барлық төлемдер мен жеңілдіктердің сақталуына кепілдік береді.
«Жұмыссыздар үшін осы процедурадан тегін өту үшін ваучерлер қарастырылған. Бұл нормалар заңда бекітілген және тиісті бюджетпен расталған. Жұмыссыз адамға қазірдің өзінде барлық аудандарда жұмыс істеп тұрған мансап орталықтарына жүгіну қажет», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Айта кетейік, «Кәсіптік біліктілік туралы» Заң аясында Қазақстанда ұлттық біліктілікті дамытудың элементтерін енгізу қарастырылып отыр. Бұл жүйе 2025 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылады. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисінің басшысы Ерасыл Жұманбаевтың айтуынша, былтырдан бері 1,5 мың кәсіпке жұмыс берушілердің талаптары бойынша біліктілік жүйесін дамытып, стандарттарын әзірледі.
«Бұл жұмыс барлық мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылды. Биыл 478 кәсіптік стандарт әзірленбек. Ол еңбек нарығындағы жалпы 3 мың кәсіпті қамтиды. Жалпы Қазақстанда 2 жылда 4 мыңға жуық кәсіп қайта жаңартылды. Заң бұл жұмысты одан әрі қарқынды іске асыруға мүмкіндік береді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Е.Жұманбаев қазіргі таңда ел бойынша инженер, ІТ саласындағы мамандар бойынша кәсіптерге сұраныс артып отырғанын атап өтті.