RSS лента

МӘМС: 3,4 млн қазақстандық неге сақтандырылмаған?

  • 02.08.2022, 17:23,
  • 627
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі уәкілетті орган ретінде медициналық сақтандыру қорымен және басқа да мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен бірлесіп, халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша қосымша шаралар әзірлеуде. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Біздің Қор Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істейді. Шілде айында "міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңына толықтырулар мен өзгерістер бекітілді, оның шеңберінде МӘМС жарналарын төлеудің баламалы тәсілі көзделген.

 

Енді түзетулер күшіне енгеннен кейін, Сақтандырылған тұлға мәртебесін алу және МӘМС тізбесінде медициналық көмекке қол жеткізу үшін, өткен 12 ай үшін ғана емес, келесі жыл үшін де дербес төлеуші ретінде төлем жүргізуге болады. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға тартуға ықпал етеді және өткізіп алған кезеңдер үшін жарналарды объективті себептер бойынша төлей алмағандарға сақтандырылу мәртебесін алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте айына 3 000 теңгеден, яғни жылына 36 000 теңгеден төлей отырып, пациент құны жүздеген мың, тіпті миллиондаған теңге тұратын ем ала алатынын атап өткім келеді. Көптеген адамдар мұның тиімді екенін түсінді және сақтандырылғандар мәртебесін алғаннан кейін МӘМС игіліктерін пайдаланады.

 

Сақтандырылмағандарға келетін болсақ, бұл 3,4 миллион азамат, оның 3,2 миллионы – халықтың экономикалық белсенді бөлігі. Олардың бір бөлігі бейресми жұмыс істейді және жұмыс беруші олар үшін тиісті жарналар мен аударымдарды төлемейді. Кейбіреулері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және БЖТ төлемей салық органдарында тіркелместен табыс алады. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар бар, оларға біз аймақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуды және жұмыссыздық бойынша есепке тұруды ұсынамыз. Сонда олар жеңілдік санатына кіреді және олар үшін жарналарды мемлекет төлейтін болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости