RSS лента

Мектепте буллингпен күрестің жаңа әдісі енгізілмек

  • 25.08.2023, 18:00,
  • 458
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі мектептегі буллинг, яғни, баланы жәбірлеуге қарсы күрес шараларын әзірлеуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тақырыбындағы тамыз кеңесінде айтты.

 

Спикердің айтуынша, халықаралық тәжірибені зерделеу барысында Финляндияда қабылданған KiVa бағдарламасының нәтижесінде балалар буллингінің көрсеткіштері 4 есе төмендегені анықталды. Бұл тәжірибе зерделеніп, еліміздің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып енгізілетін болады.

 

«Осы жаңалықтардың нәтижесінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтар, қатыгездік азайып, «тәуекел тобындағы» отбасылардың әл-ауқаты артады деп күтіледі», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости