RSS лента

Үй салушылар тұрғындарды алдап соққан

  • 01.11.2024, 09:21,
  • 46
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Бас прокуратурасы

«Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

23.10.2024 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды. 


Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.


Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.


Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости