RSS лента

Енді үлескерлер үй салушылардың құжаттарын онлайн көре алады

  • 25.07.2024, 11:43,
  • 498
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Атырау" газеті

«Қазреестр» жүйесінде үлестік қатысу шарттары мен үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсат құжаттарын көруге болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Үлестік құрылыстағы мәселелерді шешу және үлестік құрылыстың проблемалық объектілеріне қатысты тәуекелдерді азайту мақсатында құрылыс салушы мен сатып алушы арасында шарт жасасу процесін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылдың мамыр айында «Қазреестр» жүйесінде eGov Mobile қосымшасындағы ЭЦҚ немесе QR-кодтың көмегімен үлестік қатысудың электрондық шарттарын жасасу бойынша жаңа функционал іске қосылды. Бұл жаңашылдық туралы ОКҚ алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты.


«Яғни, енді үлестік қатысу шарттарын тек онлайн форматта ғана емес, оны жасасу кезінде құрылыс салушының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар-жоғын көруге болады, болашақта объектілер құрылысының тоқтап қалу қаупін азайтады. Қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ «Қазреестр» жүйесі ел бойынша үлестік қатысу шарттарының орталықтандырылған есебін жүргізуге және үлестік объектілерді салу барысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын Қазақстандық тұрғын үй компаниясының базасында әзірленіп жатыр. Азаматтарды тұрғын үйді үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алу кезінде үлестік қатысу шарттарын тіркеу жөніндегі функционалды пайдалануға шақырамын», - деп атап өтті вице-министр.

 

Ал құрылыс компаниялары мен құрылыс процестеріне қатысушыларына қолайлы етіп жасалған Е-Qurylys ақпараттық жүйесінде құрылыстың барлық қатысушысы үшін бірыңғай цифрлық алаң құруды көздейді: тапсырыс беруші, мердігер ұйым, қадағалау және тергеу органдарын тарту мүмкіндігін беретін техникалық және авторлық қадағалау.

 

Е-Qurylys порталында 63 мыңнан астам тіркелген пайдаланушы бар. Е-Qurylys жүйесі деректерді API арқылы жүктейтін «шина» болып табылады. Осылайша, құрылыстың құжат айналымын автоматтандыратын ішкі жүйесі бар кез келген компания бюрократия мен есеп беру уақытын қысқарта отырып, деректерді онлайн форматта қосып, жібере алады.

 

«Біз нарық қатысушыларымен жұмыс жүргіземіз және цифрлық шешімдері бар құрылыс компанияларын да, құрылыс нарығына қатысушылар үшін осындай цифрлық өнімдерді жасауға мүдделі IT компанияларын да бізбен жұмыс істеуге және құрылыстың барлық құжат айналымын цифрлық форматқа көшіруге шақырамыз. ІТ компанияларды құрылыстағы құжат айналымын цифрландыру саласына назар аударуға шақырамыз», - деп түйіндеді спикер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости