RSS лента

«Елорда Құрылыс Компаниясының» басшысы сотталды

  • 10.10.2024, 18:33,
  • 197
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС Бас директоры мен тағы бір азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Р. О. арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен Р-ға 10 жыл, О-ға– 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сот Р-ның мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости