RSS лента

СҚО-ның ҚАЖД бастығы сотталды

  • 22.08.2024, 16:11,
  • 719
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен М. мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Атап айтқанда, Комитет төрағасы әділет полковнигі Т-ға сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М-ға, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды.

 

Осы бұйрықпен М. теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости