RSS лента

Көші-қон башысы сотталды

  • 14.08.2024, 11:41,
  • 488
  • 0
  • Автор:
Автор фото: atpress.kz

Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 8 тамызында Семей қаласының №2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторына қатысты үкім жарияланды.

 

Д. Н-ны атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

 

Д. 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, С. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости